Илья Ильин кәсіпкер әйелмен шаңырақ көтерді (ФОТО)

ашық дереккөз

Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Илья Ильин үйлену тойын дүркіретіп өткізді, хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі «Stan.kz»-ке сілтеме жасап.

Десе де, спортшы бұл туралы жария етпеді. Қалыңдығы да желіде күйеу жігітінің кім екенін жасырып қалды. Неке қию рәсімі 12 қаңтар күні елордадағы салатанат сарайында өтті. Олимпиада чемпионы әртүрлі салалардағы бірқатар жобаларды басқаратын кәсіпкер Татьяна Гордиенкомен бас қосты.

“Шексіз бақыт пен әлемдегі ең мықты ер азаматқа “иә” дедім”, – деп жазды Татьяна Гордиенко.

 Спортшы бұған дейін гандболшы Наталья Кулаковаға үйленіп, 2017 жылы ажырасып кетті. Олардың ортақ некесінен Милана есімді қыздары бар.