Көкшетауда мас еркек әйелін өлтірді

ашық дереккөз

Оқиға Ақмола облысында болған, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Ақмола облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Араққа сылқия тойып алған 52 жасар азамат әйелінің телефонмен сөйлесіп тұрғанын көріп, қызғаныштан қолына пышақ ала жүгіреді. Ішіне тиген жарақаттан әйел тіл тартпай кеткен.

Қаскөй қылмысын мойындады. Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама нәтижесі оның кінәлі екенін көрсетті. Қылмыскер қатаң режимдегі колонияда 9 жыл бойы жазасын өтейді.