Көкшетаулық студент курстасын тонап кетті

ашық дереккөз

Көкшетау қаласының 22 жастағы тұрғыны курстасының шотынан 220 мың теңгені өзіне аударып алған, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі polisia.kz басылымына сілтеме жасап. Оқиға болған күні күдікті бірге оқитын досының үйіне қонаққа келген. Жәбірленушінің арғы бөлмеге кеткенін пайдаланып телефонындағы банк қосымшасы арқылы ақшаны өз шотына аударып алған. Ұрлық жайлы азамат қонақ қайтып кеткен соң бірақ білген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы 2 тармағы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде.