«Күйеуіңе бермегеніңе қанша болды?»: Жоғары білім Министрлігі комитеті төрағасы мен еден жуушы арасында не бар?

ашық дереккөз

Жоғары білім және ғылым министрлігіне қарасты тіл саясаты комитетінің төңірегінде дау туды. Комитет төрағасы Әділбек Қабаевтың үстінен Министрлер Үйінде істейтін келіншектің күйеуі арыз жазған. Оның айтуынша, әйелі мен шенеуніктің арасында түсініксіз байланыс болған: олар вацап арқылы ашық тақырыптарға сөйлескен, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі «Время» басылымына сілтеме жасап.

Әділбек Қабаевтың (әлеуметтік желіде тегін Каба деп береді) үстінен арызды 59 жастағы азамат жазған. Айтуынша, жары Министрлер Үйінің еденін жуады. Ал лауазымы жоғары Қабаев әйеліне біртүрлі өтінішпен хат жазады екен. Күйінген еркек арызына тұздық болсын деп әңгіменің скриншоттарын алып келген.  Мәселен, Қабаев еден жуушыға «ажырасқан, ауылдағы бойдақ келіншекпен таныстыр» деген. Ал әйел «Аида ше? Ұнамай қалды ма?» деп сұрайды. Әзірге сөйлесіп жүрміз, – деп жауап береді Қабаев. «Меніңше, сіз Аидаға ұнап қалған сияқтысыз», –деп жалғастырды әйел.

Сондай-ақ, әңгіме барысында екпеге қатысты әңгіме айтылған. Шенеунік: «Бүгін укол алмадың ба», «Мен сіздің кабинетті 9:30-да жинаймын», –деп жауап берген әйел. «О, тамаша.Уколыңды алып кет))», – деп күле жауап береді бастығы. «Адамдар бар ғой, олай болмайды», – деп таңырқай жауап қатты әйел.

Ал әңгіме соңында тіптен күмәнді хабарламалар кеткен. «Сізді көргім келген», – дейді әйел. «Желаниең ашылып кетті ме? Күйеуіңе қанша болды бермегеніңе?! 10 күн шыда, берме!», – дейді Қабаев.

Қысқасы, қызметтестердің әңгімесі біртүрлі. Қандай екпе? Комитет төрағасы қызметкерлерін өзі вакцинациялай ма? Оған ауылдағы ажырасқан әйел не үшін қажет болды? Еден жуушы күйеуіне 10 күн бойы нені бермеуі керек? Бұл сұрақтарды «Время-ның» тілшісі Михаил Козачков Әділбек Қабаевтың өзіне жолдаған.

– Қалай түсіндірсем екен, – деп бастады әңгімені шенеунік, – Менің әйелім ауырып жатыр. Оған қарайтын адам керек болды. Ауруханадан шыққанда қызметші оның жанында болып, жағдайын жасап отырса деп сұрағанмын. Сосын жолдасым үйге келгенше үйді жинатып алайын дегем. Ауылдағы ажырасқан әйелді сол үшін іздегенмін, – деді ол. Еден жуушының хаттарын күйеуі оқып қойған. Дұрыс түсінбеген. Екіншіден, қызметкерім күйеуіне қарсы арыз жазды. Себебі, олардың ажырасып кеткеніне 20 жылдан асқан, қазір, білуімше, жолдасының бөлек отбасы бар.

- Әңгіме барысында әйелге «укол алып кет» деп жазыпсыз. Ол не туралы?

- Ол кезде вакцинация туралы бас санитардың қаулысы шығып, барлығы екпе алсын деп жатқан. Бұл әйелдің алдында менің кабинетімді мүлдем басқа адам тазалайтын. Мен ауру жұқтыра ма деп қорықтым. Сол үшін екпе ал деген едім. Біздің Министрлер Үйінде вакцинация бөлімі бар еді.

- Ал «күйеуіңе бермегеніңе қанша болды?» депсіз. Бұл не дегеніңіз?

- Бұл контекстер, бөліп-бөліп көрсетіп отыр. Бұрын Парламентте бірге істегенбіз. Сырттай таныс едік. Кейін Министрлер Үйінен көріп қалып, әңгіме айтып кеттік. Сонда күйеуімен он күн бұрын ауылдан келгенін, бұзылған ет жеп ауырып қалғанын айтты.Мен: «Бермесе де болар еді сол етті» дедім. Ол «еркектер етсіз шыдай алмайды ғой» деді. Қалжыңдап, әзілдесіп екі жаққа кетіп қалдық. Кейін вацаптан: «Не болып жатыр? Неше болды бермегеніңе», – дедім. Ол «үш күн» деді.

Ал «Сізді көргім келіп тұр», «Желанием ашылып кетті» деген сөздер – жай ғана достық көңіл, – деп түсіндірді төраға.