Майқұдық мешітінде ұрлық жасаған азамат ұсталды

https://ummet.kz/images/2018new/06/27062018/20180531_144002.jpg

Қарағандылық полицейлер мешітке келушінің құжаттарын және ақшасын ұрлаған күдіктіні ұстады.
    Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші арызында сол күні мешітке барған уақытта белгісіз біреу, сырт киімінің қалтасынан ішінде 187 мың теңге ақшасы, жеке бас куәлігі және автокөлігінің құжаттары бар әмиянын ұрлап әкеткені туралы көрсеткен.
    Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізген кешенді іс-шаралар барысында бейнекамералардың бірінен мешітке келген автокөлік анықталды. Көліктен белгісіз жүргізушісі шығып, мешітке кірген. Кейін сол азамат мешіттен асығыс шығып, көлікке отырып кетіп қалған.
    Азаматтың қылығы полиция қызметкерлеріне күдік тудырды. Атқарылған жұмыстар барысында көліктің 34 жастағы иесі анықталып ұсталды. Ол ұрлық жасағаны бойынша мойындау көрсетпе белгілерін берді.
    Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі