Туған ағалары зорлап келген жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады

ашық дереккөз

Ақтау қаласының Полиция департаментінің хабарлауынша, 28 қыркүйек 13:21-де 13 ықшамаудандағы көпқабатты үйлердің бірінен адам құлағаны жайлы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-іздестіру тобы жетті. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұл туралы қоғам белсендісі Жанна Ким фейсбуктағы парақшасында жазды. Ол жылдар бойы жалғасып келе жатқан жағаұстатар жағдайдың мән-жайын ашып айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық егенттігінің тілшісі Экспресс-К-ға сілтеме жасап.

Жанна Кимнің айтуынша, Жангүл 28 қыркүйекте өз-өзіне қол жұмсаған. Марқұм биіктіктен секірген.

«Сіздер менің 1 маусымға арнап жазған постымды оқыған шығарсыздар?!

Ол жерде екі жасында ата-анасынан жетім қалып, әжесінің қолында тәрбиеленіп жатқан Жангүл есімді қыз туралы айтқанмын. Байғұс қызды бірге тұратын екі туған ағасы жеті жасынан бастап зорлап келген. Жігіттер қарындасына бас-аяғы 9 жыл бойы ойға келгенін жасаған. Қорлыққа шыдамаған қыз тамырын кесіп, жындыханаға түскенде дәрігерлерге оқиғасын айтып берген. Олар полицейлерді шақырып, қылмыстық іс қозғаған. Қызды балалар үйіне, ал зорлықшыларды сотқа дейін қамап тастады. Ол қызды асырап алатын отбасы таптым. Бірақ тым кеш...», – деп жазды белсенді.

1

Әйелдің айтуынша, Сот айғақтардың жетіспеуіне байланысты істі жапты. Күдіктілер бостандықта.

«Бұл жаңалықты естігенде қоғам белсенділері, балалар омбудсменімен бірлесіп қызды Алматыға ауыстыруды сұрадық. Ол жер жәбірленушіге қауіпсіз болар еді. Алайда шенеуніктер ұсынысымызды қолдай қоймады. Себебі, өзге қалаға қоныс аударса, үй кезегіндегі тізімнен түсіп қалатынын алға тартты», – дейді Ким.

Туғандарынан қорлық көрген Жангүл Ақтау қаласында биік ғимараттан секіріп, қайтыс болды.