Жаңадан құрылған облыстарда тұрғын үй бағасы 10%-ке қымбаттады

ашық дереккөз

Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов мұны қолдан жасалған қымбатшылық екенін айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық порталының тілшісі. Жергілікті халықтан сұраныс азайғанда, баға баяғы қалпына келуі мүмкін.

Жаңа құрылған өңірлер ғана емес, жалпы ел аумағында мүлікті сатып алу-сату келісімдері біршама азайған.

Әлемдегі геосаяси ахуал, қымбатшылық, логистикадағы кедергілер, құрылыс материалдарының 90 процентке жуығы шетелден тасымалдау себеп болып отыр.

Риэлторлардың айтуынша, Семей, Жезқазған, Қонаев қалаларында баспана құны 10 процентке өскен. Осылайша, 1 шаршы метрі 250-300 мың теңгеге жетті.

Наурыздан бері ай сайынғы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату келісімдері 30 мыңға азайып жатыр. Халық екінші нарықтағы бір бөлмелі пәтерлерді көп таңдайтын болған.

Сарапшы Зульфия Гетманчуктің айтуынша, сұраныстың азаюы үлескерлер дауын қайта өршітуі мүмкін.