«Аватар» фильмінің кейіпкерлері қазақша сөйлейді

ашық дереккөз

«Аватар» фильмі қазақ тіліне аударылды. Мәдениет министрі Дәурен Абаевтың мәліметінше, танымал фильмді қазақ тілінде еліміздің барлық кинотеатрларынан 25 қыркүйектен бастап көруге болады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі ҚР Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап. Сондай-ақ, «Аватар: Су жолы» атты екінші бөлімі де мемлекеттік тілге тәржімаланды. Фильмнің тұсаукесері 16 желтоқсанға жоспарланған.

1

Марвелдің «Қара пантера: мәңгілік Ваканда» атты туындысы да қазақ тіліне аударылады. Аталмыш фильмнің әлемдік премьерасы 10 қарашада өтеді.