Ақан Сатаев «Қазақфильмнен» кетті

ашық дереккөз

Режиссер Ақан Сатаев «Қазақфильмнің» басшылығынан кетті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев парақшасында жазды.

«Бүгін Ақан Қарғамбайұлы тарихы тереңде жатқан киностудияның басшылық қызметінен өз еркімен бас тартты», – деп хабарлады Ведомство басшысы.

Министр режиссерді «Қазақфильмнің» дамуына қосқан үлесі мен ерен еңбегі үшін алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, Ақан Сатаев 2020 жылдың 7 шілдесінен бастап «Қазақфильмнің» президенті болды. Сондай-ақ, ол SataiFilm киностудиясының негізін қалаушы.