Тоқаевқа тазының күшігін сыйлаған Анна Захарова кім?

Айсұлтан Жақыповтың жеке мұрағатынан

Мемлекет басшысы әредік қазақтың асыл тұқымды иті тазы  мен төбетті дәріптеу керегін айтып жүр.

– Құмай тазы – ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық, кәсіби көзқарас қажет. Сол үшін арнайы заң қабылдадық, – деді Президент Астанада өткен  Наурыз мерекесі қарсаңындағы сөзінде.

Тоқаев мырза және Анна ЗахароваПрезидент мырзаның тазы ұстайтыны бұған дейін де белгілі болған. Бүгінгі жиында қазақ тазысының тұқымын көбейту жолында еңбек етіп жүрген Анна Захарова 1,5 айлық тазы күшігін сыйлады.

Бұл фото көптеген сайттарды кезіп жүргенімен Анна жайлы мәлімет жоқ десек те болады. Анна Захарова Қарағандының тумасы. Сұрыптау бекетінде орта мектепті аяқтаған. Мектеп жасынан бастап тазы күшігін асырап, қалалық, облыстық аңшылар сайысынан орын алып жүрген қыз. Қарағанды жұртшылығына өзінің Джек атты тазысымен танымал болған.