Осакаров ауданында биыл жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға жергілікті бюджеттен 8 млн теңге бөлінді. Грант алуға құжаттарды қабылдау 15 шілдеде басталды.
Өтінімдер бір ай аралығында – 15 тамызға дейін қабылданады. Осыдан кейін жобаларды қорғау өтеді және комиссия жеңімпаздарды таңдайды.
Байқауға 18–29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Осакаров кенті, Пионерская көшесі, 1а мекенжайы бойынша ауданның Жастар ресурстық орталығына хабарласу қажет.
Жеке куәліктің көшірмесін, бизнес-жоспар, несие тарихын және салық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманы ұсыну талап етіледі.
Толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: (8-7214) 92-40-31.
Осакаров ауданында соңғы үш жылда өз ісін ашуға немесе дамытуға 16 жас кәсіпкер грант алды.