Осакаров ауданының Родников ауылында ойын алаңдары орнатылды

Осакаров ауданының Родниковское ауылында балалар ойын алаңы және волейбол алаңы орнатылды.

Оларды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Родниковское" совхозы" ЖШС орнатты. Жаңа алаң барлық жастағы ауыл тұрғындарына арналған.

Балаларды әткеншектер мен ойын алаңқайы қуантса, ал ересектердің көңілінен спорттық жабдықтар шықты. Родниковский тұрғындары таза ауада спортпен шұғылдану үшін волейболшылар тобын жинап жатыр.

Ал "Родниковское" совхозы" ЖШС саябақ аумағын абаттандыра отырып, "Игі істер марафонын" жалғастыруда.
 

Дереккөз – Қарағанды облысының әкімдігі