Приозерскідегі экономикалық дамуы бәсеңдеді

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 7,5 млрд.теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 111% құрап (2020 ж. - 6 756,2 млн. теңге), өнімнің нақты көлемінің индексі -99% болды. Бұл туралы Приозерск қаласының әкімі Сапар Сатаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.   
Көрсеткіштің төмендеуі қорғасын концентраты құрамындағы қорғасынның аз болуымен байланысты болды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8,7 млрд. теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 499% өсті (2020 жылғы қаңтар-желтоқсан – 1 441,2 млн. теңге). 
Негізгі капиталға салынған инвестицияның нақты көлемінің индексі – 392%. 
Оның ішінде жеке инвестициялар – 6,6 млрд. теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 20 есеге артып (333,4 млн. теңге), нақты көлемінің индекс – 639 %-ды құрады.
Қала әкімінің сөзінше, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 321 млн.теңге, өткен жылмен салыстырғанда 39%-ға артты (2020 жылғы қаңтар – желтоқсан-230,9 млн. теңге). 
2021 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлемінің индекс-114% көрсеткішіне жетті.
Карантиндік шектеу шараларына байланысты жұмыс істеп тұрған шағын орта бизнес субъектілерінің саны 701 бірлікке дейін немесе 6% - ға (748 бірлікке) төмендеді.
2021 жылдың 3 тоқсанында, шағын орта бизнес субъектілерімен шығарылған өнім  көлемі (статистика деректері бір жылға наурыз айының соңында шығады) 1,8 млрд. теңгені құрап, 2020 жылмен (1042 млн. тг.) салыстырғанда 75% - ға өсті.
"Еңбек" бағдарламасы аясында 2021 жылғы 3-тоқсан бойынша, шағын және орта бизнесте 1485 адам жұмыспен қамтылып, былтырғы жылмен салыстырғанда 24%-ға (1195 адам) артты.
Қаламыздың Балқаш көлінің жағасында орналасуы туризмді дамытуға оң әсерін тигізуде. Сондықтан инфрақұрылымды, қонақжайлылық пен жарнаманы жақсарту шараларын қабылдауымыз қажет, - деп қала әкімі назар аударды.
Туризм саласында 2021 жылдың үшінші тоқсан қорытындысы бойынша 3 мыңға жуық адамға  қызмет көрсетілді. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда (431 адам) 6 есеге артты. Көрсетілген қызметтер көлемі 11 есеге өсіп, 152 млн.теңге  (13,82 млн. тг.) құрады. 
2021 жылы "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында 21 жоба іске асырылып, 85,4 млн.теңге игерілді. 
"Еңбек" бағдарламасы бойынша 19,4 млн.теңге сомасына 5 жоба және 18,7 млн. теңгеге 32 грант іске асырылды, - деп хабарлады Сапар Сатаев.
Жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін әкімнің грантына 17,5 млн.теңге қаржы бөлініп, 6 жас кәсіпкер өз істерін ашуға мүмкіндік алды.
Биыл кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Ұлттық жобасы бойынша - 5 бизнес-жобаға 21 млн.теңге қаражат бөлініп, "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасын іске асыру үшін 27 жобаға 64,0 млн. теңге қарастырып отырмыз.
Жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында қала әкімінің грантына бюджеттен 15 млн.теңге көзделген.
Сонымен қатар, 4 шағын және орта кәсіпкерлік нысанын пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде 2 жоба - қызмет көрсету және 2 жоба - сауда саласын дамытуға арналған. Бұл шараларға 65,0 млн.теңге жұмсалады.