Jah Khalibтің Ресейдегі екі концерті өтпейтін болды

https://cdn.ruposters.ru/

Jah Khalib лақап атымен танымал жерлесіміз Бақтияр Мамедовтың Мәскеу мен Петербор қалаларында  23 және 25 сәуір күніне жоспарлаған концерті өтпейтін болды.

Бұған себеп рэпердің бір жыл бұрын Киевке барған сапарында  Instagramға жариялаған посты болып тұр. Ол жерде жерлесіміз ысқырған оқтың астында жүргенін,украиналықтарды тек қана жақсы көріп қана қоймай, аса қатты құрметтейтінін айтқан.

 Тіпті, Аким Апчев атты музыкант қызды-қыздымен РФ Мәдениет министрлігіне «Jah Khalib тек қана Украинаны қолдап қана қоймай, қаржылай көмектесіп отыруы мүмкін» деп арызданған.

Дегенмен, сүйікті әншісінің концертін көргісі келетін жанкүйерлері 5 мамырда Jah Khalibтің концертін  Антальяда, 10 маусымда Баку қаласында, 12 тамызда Алматыда тамашалай алады.

«Ал, біздің еліміздің сахнасының күзетшісі бар ма? Ресейден келген әншілерді елеп-екшеп отырған біреу бар ма?»,-деп ойлайды екенсің еріксіз...