КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА ҚАНША ҚАРАЖАТ ЖҰМСАЛАТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ашық дереккөз

Қаржы министрлігі кезектен тыс Президент сайлауына 20,5 млрд теңге жұмсалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Қаражат Үкімет резервінен бөлінеді. 22 қыркүйек күні Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабина Мұстафина сайлауға жұмсалатын қаржының не себепті артқанын түсіндіріп берді.

«Бюджеттің 80%-ы сайлау комиссиясы мүшелерінің жалақысына беріледі. Сондай-ақ, елімізде үш жаңа облыстың пайда болуына байланысты жаңа сайлау учаскелері жабдықталады», – деді ОСК мүшесі.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау 20 қарашада өтеді. Үміткерлерді іріктеу 23 қыркүйекте басталып 11 қарашаға дейін жалғасады.