«Нығматуллин тұтқындалды»

ашық дереккөз

Бұрынғы мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллиннің туған бауыры, экс-сенатор Ерлан Нығматуллин қамауға алынғаны туралы  Pravda.kz телеграм-каналында хабарланды. Бұл ақпарат – фейк, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі  «YDD corporation»-ге сілтеме жасап.

Желідегі фейк ақпаратқа сүйенсек, Ерлан Нығматуллин алаяқтық, салық төлеуден бұлтарту және қылмыстық түсімдерді заңдастыру бойынша айыпталған.

Нұрлан Нығматуллиннің қайда екені белгісіз. Соңғы рет 6 қыркүйекте Асқар Мамин, Әділбек Жақсыбеков үшеуінің кездескенін күллі Қазақстан естіді. Оған экс-шенеуніктер отбасылық мәселе бойынша «сырға салу» рәсімін талқыладық деп жауап берген болатын. Ал 7 қыркүйек күні оның Біріккен Араб Әмірлігіне ұшып кеткені анықталды.

Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин мен інісі Ерлан Нығматуллин екеуінің рейдерлік әрекетке қатысы бар екенін  елордалық адвокаттар кеңесінің мүшесі Мәулен Әлімбаев хабарлаған болатын.

Ерлан Нығматуллинге қатысты тергеу амалдары сәуірде басталған. Ол Балқаштағы ірі кәсіпкер Қуат Сұлтанбековтың иелігіндегі демалыс аймағын күшпен тартып алуы мүмкін деген күдік бар.

2012 жылы Е.Нығматуллинмен болған қақтығыстан кейін балқаштық кәсіпкер түрмеге түсіп, 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның 10 жылын өтеп шықты. Ағайынды егіздердің ісін Антикордың орталық аппараты зерттеп жатыр.