Қарағандылық параатлет Дубайдағы Гран-при әлемдік сериясының чемпионы атанды

https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/514302?lang=kk&fbclid=IwAR0v7OTsrU1LbNrnW_1yo2HbtLtBc1VGD2I70zMukGjBJOM64jpNVWhqy5Q

Қарағандылық спортшы Руфат Хабибуллин Дубайда өткен жеңіл атлетикадан Гран-при сериясының әлемдік жеңімпазы атанды. Жарысқа 61 елден 545 спортшы қатысты. 

Жерлесіміз найза лақтыруда алтын жеңіп алды. 41,83 м нәтижесімен ол камерундық қарсыласынан (40,93 м) озып кетті.

Бұған дейін тағы бір қарағандылық – Дастан Мұқашбеков – ядро лақтыру бойынша Әлемдік Гран-при сериясында күмісті жеңіп алған болатын.

Енді паралимпиадашылардың – ұлттық құраманың мүшелері Руфат Хабибуллин мен Дастан Мұқашбековтың басты міндеті – Азия ойындары мен әлем чемпионатында үздік үштікке кіру.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы