Қазақстанның әнұранын шатастырып алды...

Instagram/kaz_dancesport

Латвияда спорттық биден Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған жарыста жастар арасында сынға түскен отандастарымыз Максим Жиленков пен Арина Молочникова спорттық бидің қоссайыс түрінде қарсылас шақ келтірмей Әлем чемпионы атанды. Десе де марапаттау салтанатында масқара жағдай болды. Еліміздің қазіргі әнұранының  орнына 1991-2006 жылға дейінгі әнұранымыз ойналды.

32 елден келген бишілердің ортасынан оза шапқан Максим мен Арина Қарағандының "София" спорттық би клубының мүшесі. Сондай-ақ, 2022 жылғы Қазақстан чемпионы.