Теміртауда бірнеше ер адам көшеде төбелесті. Оқиға балалар мен жасөспірімдердің көзінше болған, - деп хабарлады @Life09kaz парақшасы.
Теміртаудағы шағын аудандардың біріндегі жағдай камераға түсіп қалған. Видеода екі ер адам алдымен көшеде төбелесіп, артынша тағы бірнеше ер адам қосылғаны көрсетілген.
Нәтижесінде олардың біреуі қолына пышақ алған. Артынша ер адамдар тұрақта тұрған көлікке отырып, кетіп қалған. Мұның бәрі балалар мен жасөспірімдердің көзінше болған.
Теміртауда көшеде пышақтасқандардың видеосы тарады
