Өткен тәулікте 46 адамнан коронавирус анықталды

ашық дереккөз

Өткен тәулікте елімізде 46 адамнан коронавирус анықталып, 5 адам аталмыш дерттен жазылып шықты, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

24 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 1 790 адам коронавирус инфекциясынан (–1 652+ және 138 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 698 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 5 адамның жағдайы ауыр,

• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.