Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық ахуал

Ашық дереккөз

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 789 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 159, облыс "жасыл" аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 16 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 159 142  жағдай тіркелді.

Ағымдағы жылдың 16 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,3%-ды құрайды, яғни 727 721 адам егілді, бұл жалпы халық санының 60,1%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен  66,6%  немесе  680 128  адам егілді, бұл жалпы халық санының 56,1%-ы.

2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 275 145 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын  халықтың  57,9%-ы.

2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Ағымдағы жылдың 16 тамыздағы мәліметтер бойынша 31 634 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың  64,1%.

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын қарапайым қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауға және вакцинациядан әлі өтпегендерді өз денсаулығы үшін дұрыс шешім қабылдауға шақырады.