Саран қаласындағы QazTehna зауытында автобустарды құрастыру қалай жүзеге асырылады

«Конструктор» бөлшектерінен дайын автобусқа дейін – көлік QazTehna Саран кәсіпорнындағы ұсақ тораптар цехында құрастырылады. Осы тақырып төңірегіндегі барлық жорамалдар мен аңыздарды жою үшін QazTehna автобус зауытының басшылығы журналистер үшін баспасөз-турын ұйымдастырды. Шара барысында барлық құрастыру процесін БАҚ өкілдері өз көзімен көру мүмкіндігіне ие болды.

Қарағанды зауытының серіктесі – әлемдегі ең ірі автобус өндірушісі – Yutong компаниясы болды. Бірлескен кәсіпорынның қатысушысы «Сарыарқа» ӘКК болып табылады. Жобаның құны шамамен 23 млрд теңгені құрайды.

Зауыт жарты жыл бұрын ірі торапты құрастыру цехын (SKD) іске қосудан бастап іске қосылды. Бірақ кәсіпорын толық қуатында енді ғана еніп, жұмыс істей бастады. Ұсақ торапты құрастыру цехы (CKD) пайдалануға берілді. Мұнда автобустарды дәнекерлеу, бояу және құрастыру жүргізіледі. Процесс көп уақытты қажет етеді, себебі ірі тораптар цехына қарағанда бұл жердегі жұмысқа көп адамдар қатысады.

– Біз автобустарды рамасынан бастап құрастырамыз, – дейді ұсақ торапты құрастыру цехының шебері Жарас Исабеков. – Яғни, бұл барлық ұсақ түйіндер мен агрегаттарды рамкаға орнату. Әрі қарай, корпуспен біріктіру, едендерді орнату, әйнектерді желімдеу және т. б. жұмыстар орындалады. Содан кейін көліктің алғашқы іске қосылуы жүзеге асырылады, кейіннен ол қуатттау сымдары жалғанатын цехқа жіберіледі. 

Цехта шамамен 200 бірлік жоғары дәлдікті жабдық орнатылған. Мұның бәрі көліктің кез-келген түріне оңай бейімделеді.

Толық жиынтықталғаннан кейін автобус ірі торапты құрастыру цехына жіберіледі. Мұнда сынақ орталығы орналасқан. Енді жұмысшылар көліктің ақауларын тексеруі керек.

– Бізде автобустардың кезекшілік циклінің соңғы кезеңі өтеді, – деп түсіндіреді ірі торапты құрастыру және сынау шебері Әсет Біләлов. – Біз конвергенция бұрышын, спидометрді тексереміз, сонымен қатар көмірқышқыл газының шығарылуын бақылау, алдыңғы және артқы оське жүктеме және т. б. бар. Міндетті түрде көлік корпусының саңылаусыздығы тексеріледі. Жаңбырдың барлық түрлерін жасанды түрде көрсете алатын арнайы камера бар. Электр автобустарының батареяларының сенімділігін тексеретін бассейн бар.

Барлық бақылау бекеттерінен өткеннен кейін көлік ақауларды жоюға немесе өңдеуге жіберіледі. Зауытта сондай-ақ сынама өткізетін жүргізушілер жұмыс істейді. Олардың міндеті – 15-20 км жүру және автобустың жолда қалай жүретінін түсіну. Осыдан кейін тағы да әр бөлікті бақылау жүргізіледі. Соңында барлық әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келетін көлік шығады.

– Күніне төрт автобус шығаратын боламыз. Зауыттың жылдық жобалық қуаты – 1 200 автобус пен электробус, сондай-ақ 500 бірлік арнайы техника. Жол-құрылыс техникасы, фронталды тиегіштер, жедел жәрдем машиналар шығарумен айналысуды жоспарлап отырмыз, – деді «QazTehna» ЖШС директоры Арғұлан Майқонов. – Штатта 500-ге жуық қызметкер бар. Олардың барлығы Yutong компаниясының қытайлық мамандарынан білім алып, оқытылды. Өндіріс кеңейген сайын жұмысшылар саны екі есе артады.

Қарағанды облысы бойынша зауыт шығарған 64 автобус қатынауда.  Қазіргі уақытта тағы 300 бірлік қоғамдық көлікке келісім-шарттар жасалды. Арғұлан Майконовтың айтуынша, жыл соңына дейін кәсіпорын нарыққа 600 автобус шығарады.

Өнім Қазақстан мен Еуразиялық одақ елдерінің нарығына арналған. Атап айтқанда, енді QazTehna компаниясы Ресейге Yutong маркалы автобустарды жеткізетін болады.