2023 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшері бекітілді

ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

- Заңда 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай өзгеріс көзделген:

- ең төменгі жалақы мөлшері – 70 000 теңге;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге;

- ең төменгі зейнетақы мөлшері – 53 076 теңге;

- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3450 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге.