Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері - 108 960 теңге

ашық дереккөз

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Қазір елімізде 2 млн 276 мың зейнеткер бар.

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,7 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы қарашада республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,9 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 171 млрд теңге бөлінді.