QazInnovations инкубация бағдарламасын өткен бизнес-жобалар қорытынды Demo Day - да өз жобаларын қорғады

ашық дереккөз

2022 жылдың 18 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында «QazInnovations» Ұлттық инновациялық даму агенттігі» АҚ (бұдан әрі – QazInnovations) қолдауымен идея және прототип кезеңінде стартаптар үшін қарқынды инкубация бағдарламасы өткізілді.
Инкубация бағдарламасы аясында екі апта бойы стартап-командалар бизнесті жүргізудің түрлі аспектілері бойынша білім беру семинарларына қатысып, тәжірибелі трекерлер мен сарапшылармен кеңесіп, өздерінің бизнес-идеялары мен прототиптерін әзірлеу бойынша жұмыс жасады.
Бағдарлама қорытындысы 2022 жылдың 1 желтоқсанында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да Demo Day форматында аяқталды, онда 15 стартап түлегі екі апталық жұмысының нәтижелерін ұсынды. Стартаптардың жобаларын қорғау нәтижелері бойынша тәуелсіз қазылар алқасы ақшалай сыйлықтарға ие болған ең перспективті 3 жобаны анықтады:

1 орын, 300 000 теңге: Qmarket - Қаладағы сауда орталықтарынан кез келген тауарды онлайн сатып алуға болатын қосымша;
2 орын, 200 000 тенге: Мәрмәр бұйымдарын өндіру
3 орын, 100 000 тенге: DiLady - Спорттық киім өндірісі 

Қазылар алқасы құрамы:
Жумаханов Меиржан Медеубаевич - «Қарағанды ​​облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және архивтер басқармасы» ММ цифрлық технологиялар және коммуникациялар бөлімінің басшысы
Мизембаева Дидар Абуовна - «Сарыарқа СПК» АҚ инвестициялық жобалар басқармасының басшысы
Замир Нугуманов - "Steel manufacturing" ЖШС Бас директоры
Касимова Меруерт Минкеновна - Қарағанды ​​қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары м.а
Куаналиев Аскар Анисович - "Интеллпром" ЖШС Бас директоры

Demo Day - да  қорғалған стартап авторлары инкубация бағдарламасын аяқтағаны туралы сертификаттармен марапатталды.