Қарағанды облысының әкімі Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді

ашық дереккөз

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлауда дауыс берді. Өңір басшысы Кеншілер мәдениет сарайындағы № 17 сайлау учаскесінде өз дауысын берді.

«Біздің учаскеде 2178 сайлаушы тіркелген. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған»,– деп хабарлады № 17 учаскелік комиссияның төрағасы Ерлан Құлымбетов.

Дауыс беру процесін тәуелсіз бақылаушылар бақылайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында дауыс беруге арналған 654 учаске бар. 761 471 сайлаушы тіркелді, оның ішінде бірінші рет дауыс берушілер – 12 735.