«Ерім дейтін ел болмаса...»

Ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы күніне арналған «Арайлы менің - Республикам» атты мерекелік шарада ежелден елдікпен ерліктің мекені болған, азаматын қадірлеп бағалай білген Қарқаралы  жұртшылығы  Ұлы мереке қарсаңында өзінің ардақты ұлдарына лайықты құрмет көрсетіп отыр.

Еліне сіңірген еңбегі үшін, Қарқаралы ауданы әкімінің ұсынысымен, Қарқаралы аудандық мәслихатының 2022 жылдың 17 қазанында жетінші шақырылған 26 сессиясының шешімімен, Тұрсынов Сағынбек Тоқабайұлына «Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1

Тұрсынов Сағынбек Тоқабайұлы 1946 жылы туған, дипломатиялык қызметкер. Қарқаралы ауданының түлегі.

Қарқаралы зооветеринарлык техникумын, Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, Алматы Жоғары партия мектебін бітірген.

 Еңбек жолын кеңшар зоотехнигі болып бастап, Молодежный аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «Кектал» кеңшарында партком хатшысы, директор, Карағанды облыстык партия комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Көмпартиясы Орталық Комитетінің сектор менгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарған.

 1988-1993 жылдары Талдықорған облыстык партия комитетінің хатшысы, облыстық атқару комитетінің төрағасы, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстык кеңесінің төрағасы, облыс әкімі болып жұмыс аткарған.

1995-96 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының басшысы. Республикамыздың Германия, Австрия мемлекеттеріндегі елшісі кызметтерін аткарған. Венгрия мемлекегінде Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі  Төтенше және өкілетті елші дипломатиялык рангі  бар. Ғылым докторы. 12-шакырылған КазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. «Кұрмет Белгісі» т.б. ордеңдермен марапатталған. «Казахстан: рынок в АПК» , «Елдестірмек елшіден»  т. б. кітаптардың авторы.

1994 жылдан Төтенше және Өкілетті Елші.