Қарағанды облысында көлік тонаған ұрылар қолға түсті

ашық дереккөз

Қарағанды облысында көліктерге ұрлыққа түскен үшеу ұсталды, — деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

16 қараша күні Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық полиция бөліміне Қарағайлы ауылы тұрғындарынан белгісіз біреулер ұрлық жасағаны туралы арыздар түсе бастады.

Жәбірленушілер белгісіз адамдар түнгілік уақытта ауласында тұрған автокөліктерінің есігін бұзып, ішінен құрал-жабдықтар ұрлағанын көрсеткен.

Мәселен, бір өтініште жәбірленуші белгісіз біреулер көлігінен автомагнитолла, қосымша дөңгелек, кілт-саймандар, көлік көтеру құралын ұрлағанын көрсетсе, екіншісі дауыс ұлғайтқыш құралын, ал үшіншісінен аккумулятор ұрлағанын айтқан.

Ұрылар әр жәбірленушіге 30 мыңнан 40 мың аралығында шығын келтірген. Полицияға барлығы бес адамнан арыз түскен. Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарағайлы кентіне жедел-тергеу тобы жіберілді.

Күдіктілердің осындай іске қайта келуі мүмкін деген ниетпен, полиция қызметкерлері олардың келуі мүмкін жерлерге қадағалау жүргізді. 17 қараша күні түнгілік уақытта полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында ұрлық жасап жатқан күдіктілер болып назарға іліккен. Полиция қызметкерлері қылмыс үстінде 14 пен 17 жастағы екі жасөсіпірімді және 25 жастағы азаматты ұстады. Олар жасалған барлық қылмыстар бойынша мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.