Жол апатына кінәлі экс-полицей 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Қарасай аудандық сотының шешіміне сәйкес сотталушы Азат Азаматов абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында 25 мамыр күні BMW маркалы көлікті тізгіндеген мас жүргізуші блокпостты қағып, патрульдік машинаны соққан. Көлік ішінде екі полиция қызметкері болған. Солардың бірі Жарас Жанғазиев оқиға орнында жан тапсырса, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов ауыр жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды. Үшінші полиция қызметкері де аса ауыр жарақат алып, жан сақтау бөліміне жатқызылған болатын.