Қарағанды облысындағы "Nova Цинк" кен орнында жұмысшы қаза тапты

ашық дереккөз

Қарағанды облысындағы Ресейлік Челябинск мырыш зауытының еншілес компаниясы "Nova Цинк" ЖШС қызметкері кен астында қалып,  қаза тапты, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

"2023 жылдың 25 қаңтарында "Nova Цинк" ЖШС-де  кен өндіру жұмыстарын жүргізу барысында жазатайым оқиға орын алды.  Жұмыскер қабылдау бункеріне құлап, үстін кен ағыны басып қалды. Нәтижесінде жұмыскер тыныс алу жолдарының асфиксиясынан қайтыс болды. Осы дерек бойынша арнайы тергеу жүргізу үшін комиссия құрылды. Оқиғаның мән - жайы мен себептері арнайы тергеу қорытындылары бойынша айқындалатын болады", - деп хабарлады Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасы.

Оқиға Ақжал кен орнында болды. Онда қорғасын-мырыш өндіреді.