18 жасқа дейінгі қарағандылықтар автобустарда тегін жүре алады

ашық дереккөз

Қарағандыда 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл мәселені пысықтауды тапсырды. Бұл шара отбасыларға, әсіресе көпбалалы отбасыларға үлкен қолдау болып табылады.

– Қарағандыда 7 жастан 18 жасқа дейінгі 110 мыңға жуық тұрғын бар. Автобустарды жаңарту мен электронды билеттердің енгізілуіне байланысты мен оқушылар үшін Қарағанды бойынша тегін жол жүруді қамтамасыз етуді тапсырдым, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Өңір басшысы өзінің шешімі туралы № 44 апатты мектептің педагогикалық ұжымымен және оқушыларының ата-аналарымен кездесу барысында хабарлады.