Ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

ашық дереккөз

18 наурызда (басталуы сағат 9.00-де) Қарағанды қаласында облыстың ауыл шаруашылық өнімдерін өңдірушілерінің қатысуымен  ауыл шаруашылығы шағын жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде ет, сүт, көкөніс өнімдері, сондай-ақ жергілікті өңдеу кәсіпорындарының өнімдері орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатылатын болады.

Жәрмеңкелер өтетін орындар:
- қаланың оңтүстік-шығысында: «Global City» КТО аумағы (134 есептік квартал, 921 құрылыс),
- Майқұдықта: «Умай» СҮ аумағы (К. Маркс, 9)
- Пришахтинск қаласында: «Молодежный» МҮ аумағы (Металлистов көшесі, 24/2 құрылыс).