Соңғы тәулікте Қарағандыда қардың айлық нормасы жауды. Синоптиктердің болжамынша, жауын-шашын алдағы күндеріде жалғасады. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
"Қарды тазалау мен шығаруға 300-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Бірінші кезекте жолаушылар көлігіне арналған жолдарды, аялдама мен тротуарларды тазалау жүргізілуде. Жағдайды тұрақтандыру үшін бар күшімізді саламыз", - деп жазды Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өзінің Facebook парақшасында.
Қалың қардың салдарынан Майқұдықта ұзындығы 1 км асататын көлік кептелісі пайда болды. Кептеліс әліде тарқаған жоқ.