10 наурыз сағат 03:26-да Қарағанды қаласы Күзембаев көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыру орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері кіреберістегі қатты түтінді байқаған. Өрт салдарынан 4-ші қабатта орналасқан пәтерден өз бетінше эвакуациялануға тырысқан анасы мен баласы табылды. 1946 жылы туған әйел улы газдан уланып, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Өрт сөндіруші-құтқарушылармен автосаты бойынша кіреберіс пәтерлерінен 4 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Сондай-ақ, баспалдақ маршы бойынша 15 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды.
5 қабаттағы пәтерден улы газбен улану белгілері бар ана мен бала ауруханаға жатқызылды.
Жану ошағы 1-ші қабаттағы баспалдақтың астында орналасқан ағаш қоймада табылды. Өрт сөндірушілер жанып жатқан қоймадан сыйымдылығы 27 литр бос газ баллонын алып шықты. Өрттің жалпы ауданы 3 шаршы метрді құрады.
Өрт болған жерге Қарағанды облысы ТЖД-нің 12 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Қабылданған шаралармен өрт сағат 03:49-да сөндірілді.
Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі ашық от көзі болды.