"АрселорМиттал Теміртау" кенішінде тағы да қайғылы жағдай орын алды

ашық дереккөз

"АрселорМиттал Теміртау" кенішінде тағы бір қызметкердің мәйіті табылды, деп хабарлайды life09 ақпараттық агенттігі. 

Бұл туралы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

"2022 жылғы 6 қарашада "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Казахстанская" шахтасының аумағында Көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген қызметкердің мәйіті табылды. Оқиға кезінде қызметкер кезекшілікте болмаған", - делінген хабарламада.

Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Еске салайық, 3 қарашада Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарында төтенше жағдай болып, 5 жұмысшы қаза тапты.