Алматыда 15 000 үй жануары чиптелді

Фото автордікі

Алматыда 1 қарашадан 20 желтоқсанға дейін үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасы жүріп жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі  Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үй жануарларын есепке алу жануарларды жоғалтқан немесе ұрлаған кезде оңай анықтауға мүмкіндік береді. Бұл иесіз жануарларды азайтуға және оларды ұстау жағдайын жақсартуға көмектеседі. Бағдарлама аясында 15 мың ит пен мысықты чиптеу және тіркеу көзделген.

Ветеринарлар үй жануарларына барынша жауапкершілікпен қарауға, чиптеуге, ұрықсыздандыруға және ветеринарлық алдын алу шараларын жүргізуге шақырады. Үй жануарыңызды тіркеуді және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұмытпаңыз, - делінген  ақпаратта.