Астанада 5 жасар қыз зорланды

ашық дереккөз

Астанада ер адам 5 жасар қызды зорлаған. Полиция қылмыстық іс қозғады. "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, қыз анасы жұмысқа кеткенде әкесімен үйде қалған. Қыздың әкесіне бір танысы келіп, екеуі ішімдік іше бастаған.

"Бір кезде бұл ер адам қызды оңаша апарып зорлаған. Анасы таңғы 6-да келгенде, қызды осы ер адамның жанынан тауып алған. Қыз қорқып: "Анашым, қайда кеттіңіз? Мына аға ауыртты", - деп жылаған деді Таңсәрі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі 8 наурызда аталған факт бойынша Есіл аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 124-бабы бойынша соталды тергеп-тексеруді жүргізгенін хабарлады.

"Сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы негізінде тергеу мүддесі үшін соталды тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді", - деп қорытындылады полиция.