Із-түзсіз жоғалған 7 жасар Милананың анасы адам өлтірді деген күдікке ілінді

Orda

Полиция Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде із-түзсіз жоғалып кеткен 7 жасар қызды өлтірді деген күдікпен екі адамды ұстады.

"Жедел іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Милана Давыдованың жоғалып кетуінің мән-жайы мен себебі анықталды. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен анасы мен оның танысын ұстады, ер адам әйелдің өтінішімен қылмыстың ізін жасырған", - деді полиция қызметкерлері.

Ұсталғандар қылмысын мойындады.

Кісі өлтіру фактісі бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді.