«Қақпа алдындағы кездесу» жобасы

«Қақпа алдындағы кездесу» жобасы

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №34-ші мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру сәтті жалғасуда.

Мұндай іс-шаралардың мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмыспен қамтып, қалыпты өмірге үйренуіне қолдау көрсету.

Жұмысқа орналасу, әлеуметтік бейімделу және әлеуметтік-құқықтық көмек алу мүмкіндіктерін түсіндіру үшін мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың өкілдері шақырылады.

Мекеме басшысының орынбасары Әсет Қызыловтың айтуынша, бостандыққа шығуға бір жыл қалғанда, жоба аясында сотталғандарға кеңес алып, жаңа өмірге дайындалуға мүмкіндік жасалған.

Биылдың өзінде «Қақпа алдындағы кездесу» жобасы аясында 12 сотталушыға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, жұмыспен қамту органдарының медиациясымен тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылды.

«Қақпа алдындағы кездесудің» арқасында бостандыққа шыққандар қайда барып түнейтінін, құжаттарын қалай қалпына келтіруге болатынын, мамандық алу және жұмысқа орналасу үшін не істеу керек екенін біле алады, мемлекеттің оларға нақты қандай көмек көрсете алатынынан да хабардар болады, дейді мекеме басшысының орынбасары Әсет Қызылов.