Қарағанды облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

qrg.obl.sebd

Қарағанды облысында жылдың басынан бері өңірдің 404 тұрғынында "қызылша" диагнозы расталды. Оның ішінде - 290 жағдай Қарағанды қаласында тіркелді, бұл 71,8%.
Қызылшамен сырқаттанғандар қатарының өсуі вакцинация қабылдамағандардың арасында байқалады, олардың үлесі науқастар санының 85% -ын құрады.

Халық арасында аурудың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау басталды. 6-11 ай, 2-4 жас аралығындағы балалар (қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан), сондай-ақ қызылшаға қарсы профилактикалық егулері жоқ медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері вакцинациялауға жатады.

Биылғы жылдың 27 қарашасындағы жағдай бойынша, қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау науқаны кезеңінде 7572 адам егілді, оның ішінде: 6-11 ай жасында 2967 бала, 2-4 жаста 2459 бала, 1535 медицина қызметкері, қалғандары толықтыра иммундау шеңберінде қамтылды.

 Естеріңізге сала кетейік, қызылша ауыр асқынулармен қауіпті: олар отит, пневмония, жүйке жүйесі тарапынан – энцефалит, менингит, паненцефалит. Паненцефалит - бұл мидың зақымдануының ең қауіпті және ауыр асқынуы, ол қызылша ауруынан бірнеше жыл өткен соң дамиды және мүгедектік пен өлім қаупі жоғары.   

Бұл аурудың алдын-алудың ең сенімді шарасы - вакцинация, ал ауру жағдайында ол асқынулардан қорғайды. Вакцина өте тиімді.  Осы ретте, қосымша иммундаудың арқасында 2015 және 2019 жылдары қызылшамен сырқаттанушылық барынша азайды және республика аумағында қызылшаның өршуі ауыздықталған еді. Әрбір қосымша доза иммунитетті күшейтеді.  
Есіңізде болсын, жұқпалы ауруларға қарсы уақтылы екпе алу арқылы сіз өзіңізді және жақындарыңызды аурудан қорғайсыз.