Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті

ҚМДБ

Келер жылы Рамазан айы 23 наурызда басталады. 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түн - қасиетті Қадір түні. Ораза айт мерекесі 21 сәуірде, ал Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға сәйкес келеді.

«Діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін», - деп хабарлады мүфтият.