Қазақстанда 60 мың оқушының көру қабілеті нашарлаған

ашық дереккөз

Бұл 2021 жылғы медициналық тексерістің нәтижесі (2020 жылы бұл көрсеткіш әлдеқайда аз болды – 23 мыңға жуық).

Анықталған аурулардың арасында екінші орында жүйке-психикалық аурулар тұр, мұндай дерт 16 мың оқушыдан анықталды (бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп).

Үшінші орында – дене бітімінің патологиясы. 2021 жылы 6 мың оқушыдан сколиоз (арқа омыртқаның қисаюы) анықталды (2020 жылы – 2,5 мың).

Бұл мәліметті вице-премьер Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында айтты.