Қазақстанда жүргізушілер үшін мобильді қосымша іске қосылды

ашық дереккөз

Қазақстанда жүргізушілер үшін мобильді қосымша іске қосылды.

"ҚазАвтоЖол" қосымшада республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының, айналма жолдардың ашылуы/жабылуы, жөндеу жұмыстары, ауа райы туралы хабар алдын ала таратылатынын, пайдаланушылар ол қосымшаны онлайн және офлайн режимде қолдана алатынын айтады.

Сондай-ақ, бұл қызметте республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан сервистік нысандар туралы өзекті ақпараттар болатыны да атап өтілді.

Компания мәліметінше, қолданба қазір PlayMarket-те қолжетімді, жақын арада AppStore-да қолжетімді болады.