Облыс әкімі қала тұрғындарымен кездеседі

gov.kz

Сіздерді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен және басқарма басшыларымен кездесуге шақырамыз. Кездесу 30 қарашада сағат 15:00-де Тәттімбет көшесі 709 мекенжайында орналасқан Arlan бизнес-орталығында (ХҚКО ғимараты) өтеді.

Ыңғайлы болу үшін сіздер өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Senim109 қызметіне «Әкімге арналған сұрақ» деп жаза отырып, алдын ала жібере аласыздар, сондай-ақ 109 нөміріне хабарласуға болады (қоңырау тегін).

                                                                                                 Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі