Өзбекстанда семсерлесуден әлем чемпионы, халықаралық деңгейдегі төреші Аида Хасанова пластикалық операциядан кейін көз жұмды, - деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.
39 жастағы спортшының денсаулығы 23 мамырда нашарлаған. Кейін дәрігерлердің шешімімен басқа ауруханаға ауыстырылып, кешке жансақтау бөлімінде көз жұмыпты.
Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Прокуратура тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр.
Аида Хасанова 1983 жылы Ташкентте дүниеге келген. Бірнеше дүркін Өзбекстан чемпионы, 2001-2006 жылдары Орталық Азия чемпионы, 2005 жылы Англияда халықаралық турнирдің алтын медаль жүлдегері атанған.
2014 жылы Өзбекстан тарихында алғаш болып семсерлесуден халықаралық төреші атанған.