Президент алғаш болып "QAZAQ TILI" қорына 7 млн теңге аударды

Сурет: Халықаралық қазақ тілі қоғамы

"Халықаралық қазақ тілі" қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы сүйінші сұрады, деп хабарлайды LIFE09 АА.

"Президент көрсеткен үлгіні ел азаматтары, тіл жанашырлары, кәсіпкерлер кеңінен қолдайды деп сенеміз", - деп жазды ол.

Рауан Кенжеханұлы 12 қазан күні президенттің қабылдауында мемлекеттік тілді дамытуға арналған эндаумент қорын құруды ұсынған болатын. Мемлекет басшысы ұсынысты қолдаған еді.