Президент азық-түлік бағасын реттеуді тапсырды

ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны биыл екі есеге төмендетуді тапсырды.

Премьер-министрді тағайындауға жиналған мәжілістің жалпы отырысында президент жаңадан құрылатын үкіметтің алдында бірқатар міндет қойды. Соның бірі инфляция.

"Инфляцияны тежеу қажет. Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек. Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек.