Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамалды

скриншот

Көлсай көлі маңында гидті соққыға жыққан белгілі әнші Төреғали Төреәлі Талғардағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі «Экспресс К»-ға сілтеме жасап.

Кеше Төреғали Төреәліден соққы алғанын айтып, маңдайынан қаны сорғалаған жігіттің видеосы тараған еді. Одан кейін Алматы облысы Кеген ауданының полициясы тексерісті жүргізіп жатқанын мәлім етті. Нақтырақ айтқанда, Қылмыстық кодекстің 293 бабы (бұзақылық) бойынша іс қозғалған.

Бүгін әнші Талғардағы уақытша ұстау изоляторға жеткізілгені белгілі болды. Желіде қамауға алынған сәтінен видео тарады.

Қылмыстық кодекстің 293-бабында күдіктінің қылмысы дәлелденсе, мынандай жаза күтіп тұрғаны жазылған.

2 мың АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған,— делінген кодексте.