"World Cleanup day 2023"

Қарағанды ​​облысы бойынша экология департаменті

16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының экология, және табиғи ресурстар министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде "World Cleanup day 2023" Дүниежүзілік акциясын ("Дүниежүзілік тазалық күні") өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстанның Дүниежүзілік акцияға қатысуы Қазақстанды "жасыл" экономика қағидатын іске асыратын және 2030 орнықты даму мақсаттарына қол жеткізетін жаһандық әлемдік Экологиялық акциялардың қатысушысы ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.

Осыған орай, барлықтарыңызды сенбілікке бірге шығып, бір күн бірге тазалық жүргізуге шақырамыз!

Қатысам деушілерге

Қарағанды ​​облысы бойынша экология департаменті мен Қарағанды ​​облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық табиғатты қорғау мұражайы ұсынған серіктестер тарапынан жиналатын орын:

Қарағанды ​​қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 47.

Уақыты: 16.09.2023 ж. – 10.00 сағат.

(бұл уақытта арнайы көлік күтетін болады) Баратын жері: Ескі әуежай жанындағы алаң.