Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай

Ашық дереккөз

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 617 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 86, облыс "жасыл" аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 27 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 160 250  жағдай тіркелді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Ағымдағы жылдың 27 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,3%-ды құрайды, яғни 728 587 адам егілді, бұл жалпы халық санының 60,2%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен  66,7%  немесе  681 121  адам егілді, бұл жалпы халық санының 56,2%-ы.

2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 281 073 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын  халықтың  59,1%-ы.

Коронавирустық инфекцияның алдын алудың жалғыз нақты шарасы вакцинация болып табылады. Сондықтан біздің облысымыздың тұрғындарына КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және вакцинациядан кейін 6 айдан астам уақыт өткен тұлғаларға екпені уақтылы алу қажет.